Бүгін:
kz ru

«Спорт- денсаулық кепілі» атты «Көңілді старт» эстафеталық жарыс

Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай «Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр». Осы орайда, Шу қалалық мәдениет үйі бекітілген жылдық жоспарына сәйкес , 2019 жылдың 22 мамыр күні А.С.Макаренко орта мектебінің  3- сынып  оқушылары арасында «Салауатты өмірді насихаттау»  барысында  «Спорт- денсаулық кепілі» атты «Көңілді старт» эстафеталық жарыс өткізді.  Жарысқа құрамы 10 оқушыны құрайтын II топ қатысты. Сайыста жеңген  топты  Шу қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Самбекова Айнұр Кошановна кішігірім сыйлықтармен марапаттады.

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз