Бүгін:
kz ru

«Жан шуағы» атты қайырымдылық концерті

          2019 жылдың 22 мамырында Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен А.С.Макаренко  мектеп оқушыларына  арналған «Жан шуағы» атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылып өткізілді.

          Іс-шараны қалалық мәдениет үйінің мәдени қызметкері Н.Сансызбаев жүргізіп,  мәдениет үйінің өнерпаздары әндерін тарту етті. Көрермендер мәдениет үйінің өнерпаздарына алғыстарын жаудыра айтып, осындай іс-шаралардың жиі болып тұруын жеткізді. Ал қалалық мәдениет үйі ұжымы осындай игі іс-шараның өтуіне Макаренко мектебінің директоры А.Тастанова ханымға,  мектеп-интернатының меңгерушісі Г.Адамжановаға, педагог ұйымдастырушы А.Жиреншиева,  тәлімгер З. Жайсанова  сынды ұстаздарға алғыстарын айта тарасты.

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз