Бүгін:
kz ru

Жастар жылы

«Жастар жылы- біз үшін үлкен мәртебе» атты  іс-шара

2019 жылдың 11 қаңтар күні сағат 11.00-де Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының  «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялануына орай «Жастар жылы- біз үшін үлкен мәртебе» атты  жастар орталығы  ұжымы  және «Алмас» гуманитарлық колледжінің І курс білімгерлерінің қатысуымен  кездесу ұйымдастырылды. Іс-шарада мәдениет үйінің майталман маманы Ертай Мылқыбаев  «елiмiздiң болашағы-  жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты екенін, олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi екенін айта отырып, келешек ұрпақ еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы - жастардың еншісінде деп сөзін аяқтады.

Іс шараға Шу қаласы бойынша «Жастар» ісі жөніндегі инспекторы М.Турисова, «Алмас» гуманитарлық колледжінің кітапхана меңгерушісі Н.Джумагулова, педагог ұйымдастырушысы М.Жұмаханова және І курс білімгерлері ат салыса қатысты. Мәдениет үйінің өнерпаздары әндерін тарту етті.




 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз