Бүгін:
kz ru

«Жүрек жылуы» жобасы аясында қайырымдылық және «Шу қаған» халық театрының мүмкіндігі шектеулі балаларға

2018 жылдың 19 қазанында – Шу қалалық мәдениет үйінің бекітілген жылдық жоспарына сәйкес, мүгедектер күніне орай «Жүрек жылуы» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық және «Шу қаған» халық театрының ертегілік қойылымы сахналанды. Бұл қойылымға Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.А.Керімбаеваның  қосқан үлесі де зор. «Балаларға және 18 жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі балалары ертегілік қойылымға ризашылықтарын білдіре тарасты.

Ертегі соңынан мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.С.Жазықбаева балаларды мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар тапсырды.  

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз