Бүгін:
kz ru

Саудакент аруы-2018

 Саудакент аруы-2018

 

Сарысу ауданының 90 жылдығы аясында аудандық мәдениет үйіне қарасты Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Саудакент аруы-2018» қыз сыны байқауы болып өтті. Байқауда қыздар өз өнерлері мен бірге  атадан қалған қазақ салт-дәстүрлерерін білу деігейін ортаға салды.Байқау 5 кезеңнен  құралды. Арулар «Мен қазақтын қызымын» кезеңінде жиналған қауымға өздерін таныстырып, сахна мәдениеттілігін көрсетсе, «Қыз еркем-өнерімен көркем» сайысында көрермендер қатысушылардың ән айту,би билеу, мәнерлеп оқу шеберліктеріне тәнті бола алды.Ал «Зерделінің ойы озық» сайысында, ару қыздардың білім деңгейлері бағаланды. Сонымен қатар «Шеберлік» сайысында тарихта аты қалған аруларымыздың образын сомдады. «Сыр мен сымбат» кезегінде киім үлгілерін көрсету бойынша сынға түсті. Әділ қазылар алқасы өз бағаларын беріп, жеңімпаздарды анықтады. 3-орынды Балнұр Арғынбек пен Таннұр Жалдыбай атанса, 2-орынды Ақтолғай Бақтыбай, ал 1- орынды  Ақбота Сәрсенбекова иеленді. Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Дина Жамалбекова «Саудакент аруы-2018» атағына ие болды.  Іс шара барысында женімпаздарға арнай  сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды.

 







 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз