Бүгін:
kz ru

«Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстарының қауіптілігі» атты жастармен өткізілген пікір талас

 

«Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстарының  қауіптілігі» атты ауыл жастары мен  пікір талас өткізілді. Пікір таласқа ауыл жастарымен бірге ауылдық Отарымбет мешітінің имамы Қ.Байқожаевта қатысты. Ауыл имамы ислам діні туралы, сонымен бірге тиым салынған діни ағымдар туралы жастарға көптеген мәліметтер беріп өтті. Қатысушы жастардың бірі экстеризм мен терроризмді интернет ресурстары яғни әлеуметтік желі арқылы насихаттау қауіптілігі жоғары десе бірі айтарлықтай қауіп жоқ екенін дәлелдеп бақты. Сөз соңында ауыл имамы діни басқарма сайтынан көптеген дұрыс мәлімет алуға болатынын, сонымен қатар мешіттерге барып имамдардан жауап алса ешқандай қателікке бой алдырмайтынын айтып ауыл жастарын мешітке яғни дін жолына шақырды. Сонымен қатар ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі А.Байходжаева жастарға басқа діни ағымдардан сақтану  үшін мерзімді баспа беттерінен жинақтаған ережелерін ұсынды. 

        Көкейде жүрген сауалдарына ауыл имамынан жауап алған жастар көтеріңкі көңіл күймен тарады. 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз