Бүгін:
kz ru

ҚР Елордасы-Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі-Астана!» атты мәдениет және өнер күндері Шу ауданында

26 шілде күні Шу ауданы орталығы дәлірек айтар болсақ Шу аудандық мәдениет үйінде сағат 18.00-де Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі-Астана!» атты Шу ауданының мәдениет және өнер күні өтті.
Аталған іс-шара облыстан келген сараптау комиссиясын жас домбырашылардың орындауындағы «Ерке сылқым» күйімен бірге ұлттық астарымыз бауырсақ және қымыз сусынын ұсына отырып күтіп алу рәсімінен бастау алды.
Келген қонақтар ауданның этно-мәдени орталықтарының көрмелерімен қатар, мәдениет үйі алаңында ауданның «Ерке сылқым», «Көркем-ай» би топтарымен «Әлқиса» күйіне қойылған биін тамашалады.
Сондай-ақ, қазақ xалқының тұсау кесер рәсімін тамашалаған қонақтарға нәрестенің тұсауын кесу ұсынылып, халыққа шашу шашылды.
Сонымен қатар, мәдениет үйі алаңында шеберлер қалашығы жасақталып аудан халқына, қонақтарға шығармашылық қол өнер туындыларын қонақтар мен жиналған жұртшылықтың назарына ұсынды. Бұл туындылардың иелері суретші-мүсінші, республикалық, халықаралық конкурстардың дипломанты Қали Қораласбаев, суретші Бақытжан Малдыбаев және ағаш ою ұстасы Бауыржан Малдыдыбаевтар екенін естерінізге сала кетейік. Мерекелік кеш «Шу қахан» театрының «Төле би баба» атты театрландырылған қойылымымен басталып «Шу еркесі» халықтық ән-би ансамблінің, «Әсем әуен» фольклорлық тобының және айтыскер, жазушы ақындар, сонымен қатар әр-түрлі жанрлы өнерпаздардың сазды концерттік бағдарламасымен ұласты. Бағдарламада «Астана» әндері сонымен қатар жергілікті композиторлар «Достық», «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткері, «Қазақ ұлттық өнер университетінің» атақты профессоры Ә.Желдібаев, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, жыршы-термеші Аяз Бетбаев, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Шу қаласының құрметті азаматы» ақын – сазгер Б.А.Исаева шығармалары халыққа ұсынылды.
Мәдениет және өнер күніне жиналған жастарға аудан орталығында орналасқан жылжымалы сахнада ауыл өнерпаздарының «Астана» әндері берілді.
Іс-шара жастардың «Алтыбақан» ойыны және би кешіне ұласты.










 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз