Бүгін:
kz ru

«Ең үздік ауылдық мəдениет үйі, клуб – 2017» облыстық байқауы жəне «Театр.KZ» фестивалі Меркі, Қордай аудандарында

Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында өтіп жатқан «Ең үздік ауылдық, мəдениет үйі, клуб – 2017» облыстық байқауы, «Театр.KZ» фестивалі Меркі, Қордай аудандарында өтті. 
Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет,архивтер жəне құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйытқысымен дəстүрлі түрде өтіп келе жатқан байқауға Меркі ауданы Беларық ауылдық клубы мен Ақарал ауылдық мəдениет үйін ұсынды. Беларық ауылдық клубы комиссия мүшелері мен көрермен қауымға қоғам жəне мемлекет қайраткері Меркі ауданының үлкен мақтанышы Асанбай Асқаровтың 95 жылдық мерей тойына арналған мерекелік кеш ұсынды.Шара соңында қазылар алқасының мүшесі Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев өз пікірін ортаға салып, жас өнерпаздарға сəттілік тіледі.
Комиссия мүшелері одан ары клубтың құжаттарын, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының орындалуын, клуб жылу жүйесі мен қазандығын, көрнекілік құралдарын тексеріп, мамандарға кəсіби тұрғыдан кеңес берді.
Қазылар алқасы əрі қарай Ақарал ауылдық мəдениет үйіне келіп, бұл мекеменің де құжаттарын, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының орындалуын, көрнекі құралдарын, клуб жұмысын тыңғылықты тексеріп шықты. Мəдениет үйінің ұжымы байқау мен ауыл тұрғындары үшін "Тəуелсіз елім-тұғырың сенің биікте" атты концерттік бағдарлама ұсынды.
Шара соңында қазылар алқасының төрағасы Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Формат Е" мəдени даму оқу-əдістемелік орталығының директоры Ерлан Ауесбаев жылы лебізін білдіріп, өнерпаздарға үлкен шығармашылық табыстар тіледі.
Қордай ауданының Қайнар ауылдық мəдениет үйінде "Мəңгілік елдің - мəңгілік үні" атты түрлі ұлт өкілдерімен кездесу өтті. 
Шарада əзірбайжан-түрік мəдени орталығының өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, халықтың алғысына бөленді








 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз