Бүгін:
kz ru

«Жамбылым – ән бесігім!» онлайн әншілер конкурсының жеңімпаздары

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай  «Жамбылым – ән бесігім!» атты жергілікті композиторлардың әндерін орындаушылардың облыстық онлайн конкурсы өз мәресіне жетті.Қазылар алқасының құрамында ҚР Мәдениет саласының үздігі, әнші, композитор, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы директорының орынбасары Ж.Омаров, Облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі А.Байжанов, әнші, композитор К.Ертаев болды.Конкурсқа 32 қатысушының бейнематериалдары қабылданды. Нәтижесінде, жүлделі І орынды таластық Нұрым Қойгелдиев иеленсе, ІІ орынды қордайлық «Жігіттер» квартеті мен меркілік Нұрғиса Ратаев жеңіп алды. Ал, Байзақ ауданының өнерпазы Мейірім Хамзина, меркілік Сағыныш Аязбаева, қордайлық Бекзат Сакенұлы ІІІ орынды иеленді.Ынталандыру жүлделеріне Мадияр Сағынбек (Жуалы ауданы),  Расул Сейткенов (Шу ауданы), дуэт Үмбет Сатышбеков пен Расул Дүйсенбаев (Талас ауданы), дуэт Ғалымжан Тезекбаев пен Ерлан Егешов (Сарысу ауданы), Ерболат Құлышев (Т.Рысқұлов ауданы) ие болды.Конкурс жеңімпаздарына арнайы диплом мен қаржылай сыйлықтар қашықтықтан табыс етіледі.  

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз