Бүгін:
kz ru

«Халық әні - қазына» дәстүрлі әншілердің онлайн конкурсының жеңімпаздары

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Халық әні - қазына» атты дәстүрлі әншілердің онлайн конкурсы өз мәресіне жетті.Қазылар алқасының құрамында ҚР Мәдениет саласының үздігі, әнші, композитор, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы директорының орынбасары Ж.Омаров, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі, республикалық конкурстардың лауреаты С.Әбенова, Облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі А.Байжанов болды.Конкурсқа 42 қатысушының бейнематериалдары қабылданды. Нәтижесінде, жүлделі І орынды Әміржан Бекниязов (Сарысу ауданы) иеленсе, ІІ орынды Жақсылық Қалтешов (Жамбыл ауданы) пен Бекарыс Көштаев (Байзақ ауданы) жеңіп алды. Ал, Жанарбек Әбдірахманов (Сарысу ауданы), Бағдат Рланов (Шу ауданы), Ерхат Тажибаев (Қордай ауданы), жуалылық Мәлік Мықтыбеков (Жуалы ауданы) ІІІ орынды иеленді.Ынталандыру жүлделеріне Ұлдан Шалабаева (Қордай ауданы), Нұрбек Жұмаханов, Тантай Ахметжанов  (Меркі ауданы),  Сандуғаш Левчук (Байзақ ауданы), Бағдат Туғанбаев (Мойынқұм ауданы), Ақшолпан Пірімқұлова  (Т.Рысқұлов ауданы), Оразбеков Жақсылық (Талас ауданы), Асыл Ұлықман (Тараз қаласы) ие болды.Конкурс жеңімпаздарына арнайы диплом мен қаржылай сыйлықтар қашықтықтан табыс етіледі.  

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз