Бүгін:
kz ru

Шығармашыл жастардың «Жаңа Есім-2023» облыстық жобасы

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың наурыз-мамыр айларында шығармашыл жастардың «Жаңа Есім-2023» облыстық жобасы өтеді.

 І кезең – 2023 жыл 13 наурыз – ауылдық іріктеу.
Кестеге сәйкес Облыстық халық шығармашылығы орталығының мамандарының қатысуымен өтеді.
 ІІ кезең – 2023 жыл 4-11 сәуір – аудандық, қалалық іріктеу.
Кестеге сәйкес қазылар алқасы қала, аудан орталығында ауыл аймақтардан жинақталған үміткерлерге іріктеу өткізеді.
 ІІІ кезең – 2023 жыл 21 сәуір, облыстық іріктеу.
 Жоба жеңімпаздарымен тәлімгерлер, вокалист (дауыс қоюшы), музыка өңдеушілер, концертмейстерлер жұмыс жүргізеді.

 Жоба аясында мамыр айында Гала-концерт өтеді

 Мақсаты мен міндеті
 Өңірдегі жас таланттарды іздестіру, үлкен сахнаға шығару, өнерлерін өрістетіп, оларға қолдау көрсету;
 Дарынды жастардың орындаушылық шеберлігінің шыңдалуына, өнер қанатын кеңге жайып, танылуына мүмкіндік жасау;
 Мәдениет саласындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
 Облыстағы әншілер мен аспапта орындаушылар қатарын жаңа жас
дарынды буын өкілдерімен толықтыру;

 4 номинация бойынша үш кезеңде өтеді:
 Эстрада;
 Би (жеке);
 Дәстүрлі ән (халық әндері);
 Аспапта орындау (жетіген, баян, сыбызғы, гитара, аккордеон, фортепиано т.б).

Қатысушы жастардың жас мөлшері 15-25 жас

#madeniet08 #zhambyl_ocnt #music #zhambyl #жаңа_есім_2023 #talented #contest #musica #song #dancing #guitar #piano #stars #accordion


Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз