«Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб-2023» атты облыстық байқауы
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб-2023» облыстық байқауы Т.Рысқұлов ауданынан бастау алды.
Байқауға ауданнан Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйі қатысты.
Меңгерушісі Керімбаев Қанат.
Қазылар алқасының төрағасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғ.Садырбаев, мүшелері орталықтың көркемдік жетекшісі А.Байжанов, бөлім басшысы М.Қыздарбекова мәдениет үйінің байқау шарттары мен талаптарына сәйкестігін саралады.
Ережеге байланысты «Тарихы терең шаңырақ Тұрар Рысқұлов ауданына – 85 жыл» атты тарихи-танымдық мәдени іс-шара ұсынылды.
Аталған облыстық байқаудан соң М.Өзбеков атындағы Т.Рысқұлов аудандық мәдениет үйінде «Ең үздік әдістемелік кабинет» облыстық байқауы аясында аудандық мәдениет үйінің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ибрашева Рая Молдабергеновна қазылар алқасына әдістемелік кабинеттің құжаттарын, әдістемелік – тәжірибелік жұмыстарының жинақтарын таныстырды.
Байқауда қазылар алқасы тек мәдени іс-шараларды ғана назарда ұстамай, байқауға қатысып отырған мекеменің эстетикалық талғамымен безендірілуі, материалдық-теxникалық базасының жағдайы, озық теxнологиямен жабдықталып, интернетке қосылуы, өткізілген мәдени іс-шаралар сценарийлері, жарнамалары, іс-шаралар сапасы мен тиісті жұмыстарын ой електерінен өткізіп, мұқият қадағалайтын болады.
Осылайша қазылар алқасы кестеге сәйкес облысымыздың әр ауданындағы ауылдық, аудандық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарын және Тараз қалалық мәдениет үйін қамтып, үздігін анықтайды.