МӘДЕНИЕТ КҮНІ ЖҰЛДЫЗЫ БИІК ЖУАЛЫДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
Қайтпас қайсар ерлік пен аласармас өрліктің мекеніне айналған Жуалы жерінде “Мәдениет - асыл қазынам” атты мәдениет күні жалғасын тапты.
Шара өлкенің есімін күллі әлемге әйгілеген даңқты батыр Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қойып, баба рухына тағзым етуден басталып, батырдың Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігі сәттерінен қойылған театрландырылған қойылымға ұласты.
Мәдениет күні барысында түрлі тақырыптық көрмелер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі көпшілік назарына ұсынылды.
Ат үстінде ойнайтын жуалылықтар ұлттық ойындарымен қатар, жастар алаңында қымыз ішуден, ет жеуден, сүйек жарудан жарыстар ұйымдастырды.
Шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, сахна шымылдығы әншілердің орындауындағы «Шашу» әніне қойылған «Дастархан» биімен түрілді.
Облыс әкімі аппаратының басшысы Мәди Мәтен салтанатты шараны құттықтау сөзімен бастады
Мәдениет күніне облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай, Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза, халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев т.б зиялы қауым өкілдері, аудан қонақтары мен тұрғындары қатысты.
Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Қарсақбайқызы Сейітова
Жамбыл облысына іссапары барысында Жуалы ауданының мәдениет күніне ат басын бұрды.
Ауданның мәдени өмірі насихатталған шарада өңірден шыққан, республикаға танымал “Қоңыр” тобы, Жанна Асанқұлова, Қанат Мырзахан өнер көрсетіп, халықтың ыстық ықыласына бөленді.
Айта кетейік, келесі мәдениет күні Сарысу ауданында аталып өтеді