Бүгін:
kz ru

КӨРКЕМӨНЕРПАЗДАР ҰЖЫМДАРЫНЫҢ ҮШ КҮНДІК ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Халықтық», (Үлгілі) атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдарының «Өнер көзі – халықта» үш күндік облыстық фестивалінің бірінші күні аяқталды.

Шараның ресми ашылуында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай қатысушыларға сәттілік тіледі.

Үш күнге созылатын өнер ұжымдарының жұмысына баға беретін қазылар алқасының құрамында:

Күйші-композитор, «Парасат», «Құрмет», «Достық» ордендерінің иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ә.Желдібаев;
«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасының орынбасары, ҚР Мәдениет саласының үздігі, төрайымы Э.Дутбаева;
Мәдениет саласының ардагері, Жамбыл ауданының құрметті азаматы, Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, ҚР  Мәдениет қайраткері Б.Сырлыбаев;
Мәдениет саласының ардагері, Талас ауданының құрметті азаматы, «Өнерге қосқан үлесі үшін», «Ерен еңбегі үшін» медалдерінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері Е.Рымқұлов;
Мәдениет саласының ардагері, 1996-1999 ж.ж. Мәдениет департаменті бастығының орынбасары, облыстық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері, айтыскер ақын А.Жұмабеков;
Мәдениет саласының ардагері, КСРО «Мәдениет саласының үздігі», «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Р.Қуанышев;
«Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі К.Пірман;
Облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі А.Байжанов;
«Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері, Облыстық халық шығармашылығы орталығының халық шығармашылығын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Усенбаева.

 Айта кетейік, фестивальде ерекше өнер көрсеткен ұжымдар  ағымдағы жылдың желтоқсан айында Тараз қаласында өтетін Гала-концертке таңдалып алынады.

#madeniet08 #zhambyl_ohsho

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз