Бүгін:
kz ru

Жамбыл облысында Наурыз мерекесі аталып өтілді.

Жамбыл облысында Наурыз мерекесі дәстүрлі түрде ұлттық ойындармен, түрлі қойылымдар және қызықты концерттік бағдарламалармен аталып өтілді.
 
 Бұл күні Тараз қаласының тұрғындары мен қала қонақтары «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешеніне қарай ағылды.

 Мұнда қазақы киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар, наурыз көже әзірленіп, келушілерге үлестірілді.

 Облыс әкімі @nurzhigitov_n Нұржан Нұржігітов жұртшылықпен бірге арнайы аймақтарды аралап, танысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.

– Жаңару мен жасампаздықтың бастауы болған әз-Наурызбен тағы да құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс, шаңырақтарыңызға шаттық алып келсін дегім келеді,-деді облыс әкімі.

 Бұдан соң аймақ басшысы жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайларды қуанышымен құттықтап, ақ тілегін жеткізді.

 Мұндай мерекелік шаралар облыстың барлық аудан, ауылдық округтерінде де ұйымдастырылды.

@zhambyl.gov.kz

#madeniet08 #zhambyl #zhambyl_ohsho




Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз