Бүгін:
kz ru

Ұлтымыздың ұлы мерекесіне айналған Наурыз мейрамы жақсы істердің үлгісін көрсетіп келеді. Бұл күндері адамдар қыстан аман шыққанына шүкіршілік жасап, қазан көтеріп, ас таратады.

Ағайын-туыстар бір-бірін құшағына алып, төс қағыстырып, өзара сәлем беріп «Ақ мол болсын!», “Ырысымыз арта берсін!», «Жаратушымыз жарылқасын!» – деп бір-біріне ізгі тілектерін жаудырады.

 Бұл үрдістен әлі де ұзағанымыз жоқ. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде ас таратылды.

#madeniet08 #zhambyl #zhambyl_ohsho


Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз