Хабарландыру. Бос тұрған 1 (бірлік) негізгі қызметкердің орнына инженер-программист лауазымына конкурс жарияланады.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған 1 (бірлік) негізгі қызметкердің орнына инженер-программист лауазымына конкурс жариялайды
Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі 18/4. Тел. (87262) 50-15-64
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: халық шығармашылығын дамыту
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: математикалық модельдер мен экономикалық және өзге де міндеттерді шешу алгоритмдерін талдау негізінде алгоритмді орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін және есептеуіш техника құралдарымен қойылған міндетті тиісінше қамтамасыз ететін бағдарламаларды әзірлейді, оларды тестілеу және жөндеу жүргізеді;
ақпаратты өңдеудің барлық кезеңдері бойынша міндеттерді шешудің технологиясын әзірлейді;
деректердің алгоритмдері мен құрылымдарын сипаттау үшін бағдарламалау тілін таңдауды жүзеге асырады;
есептеу техникасы құралдарымен өңделетін ақпаратты, оның көлемін, құрылымын, макеттерін және енгізу схемаларын, өңдеуді, сақтауды және шығаруды, оны бақылау әдістерін айқындайды;
бағдарламаларды дайындау және ретке келтіру бойынша жұмысты орындайды және ретке келтіруді жүргізеді;
бағдарламалардың олардың функциялық мақсатына барынша толық сәйкес келуін қамтамасыз ететін бақылау мысалдары деректерінің көлемін және мазмұнын айқындайды;
қойылған міндеттердің талаптарымен айқындалған ретке келтірілген бағдарламаларды іске қосу және бастапқы деректерді ендіруді жүзеге асырады;
шығысдеректерді талдау негізінде әзірленген бағдарламаны түзетуді жүргізеді;
бағдарламалармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді, қажетті техникалық құжаттаманы ресімдейді;
дайын бағдарламалық өнімдерді пайдалану мүмкіндігін айқындайды;
ендірілген бағдарламаларды және бағдарламалық құралдарға қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
бағдарламаның дұрыс болуын автоматты түрде тексеру жүйелерін, үлгілік және стандартты бағдарламалық құралдарды әзірлейді және ендіреді, ақпарат өңдеу технологиясын жасайды;
есептеу процестерін біріздендіру және үлгісін жасау бойынша жұмысты орындайды;
стандартты бағдарламалардың каталогтарын және карточкаларын жасауға, машинамен өңделетін құжаттардың нысандарын әзірлеуге, есептеу техникасын қолдану саласын кеңейтуге мүмкіндік жасайтын бағдарламаларды жобалауға қатысады;
мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың порталында интеграцияланған ақпараттық жүйелерге қатысты жұмыстарды үйлестіру;
ақпараттық порталға қатысты жұмыстарды жүргізу.
Білуге тиіс:
ақпараттық технологиялар саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, басшылық, нормативтік және әдістемелік материалдар;
алгоритмдер мен бағдарламаларды әзірлеудің, ақпаратты өңдеу кезінде есептеу техникасын пайдаланудың регламенттеуші әдістері;
құрылымдық бағдарламалаудың негізгі принциптері;
бағдарламалық қамтамасыз ету түрлері;
техникалық-пайдалану сипаттамалары, конструкциялық ерекшеліктері, мақсаты және жұмыс режимі, оны техникалық пайдалану тәртібі;
ақпаратты автоматты түрде өңдеу технологиясы;
техникалық ақпарат тасымалдағыштардың түрлері;
ақпаратты жіктеу және код беру әдістері;
формаға келтірілген бағдарламалау тілдері;
қолданыстағы стандарттар, есептеу жүйелері, шифрлар мен кодтар;
техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі;
бағдарламалаудың және есептеу техникасын пайдаланудың алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибесі;
ақпараттық порталға қатысты жұмыстарды жүргізу;
мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың порталында интеграцияланған ақпараттық жүйелерге қатысты жұмыстарды үйлестіру;
экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
I санаттағы инженер-бағдарламашы: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және II санаттағы инженер-бағдарламашы лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс өтілі;
II санаттағы инженер-бағдарламашы: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және санатсыз инженер-бағдарламашы лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі;
санатсыз инженер-бағдарламашы: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және I санаттағы техник лауазымында кемінде 3 жыл өтілі.
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Төле би көшесі 18/4. Тел. (87262) 50-15-64
Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
- Түйіндеме;
- Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
- Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
- Еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, не еңбек өтілін растайтын құжат, не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.
Конкурс өтетін күні: 2023 жыл 15 қараша. Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Төле би көшесі 18/4.
Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.