Хабарландыру. Бос тұрған 1 (бірлік) заң кеңесшісі лауазымына конкурс жарияланады.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған 1 (бірлік) заң кеңесшісі лауазымына конкурс жариялайды
Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі 18/4. Тел. (87262) 50-15-64
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: халық шығармашылығын дамыту
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлейді және әзірлеуге қатысады;
ұйымда құқықтық жұмысты әдістемелік басқаруды жүзеге асырады, құрылымдық бөлімшелерге және қоғамдық ұйымдарға түрлі құқықтық құжаттарды дайындауға және ресімдеуге құқықтық көмек көрсетеді, шағым-талаптардан бас тарту кезінде негізді жауаптар дайындауға қатысады;
ұйымның өзге бөлімшелерімен бірлесіп, төрелік сотқа, тергеу және сот органдарына беру үшін жымқырулар, жұмсап қоюлар, кем шығулар, сапасыз, стандартты емес және топталмаған өнім шығарулар, экологиялық заңнаманы бұзушылықтар туралы және өзге де құқық бұзушылықтар туралы материалдар дайындайды, өндірістегі және орындалуы аяқталған соттық және төрелік істерді есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады;
шарттық, қаржылық және еңбек тәртіптерін нығайту және ұйым мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
анықталған кемшіліктерді жою және ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметін жақсарту туралы ұсыныстарды әзірлеу мақсатында талаптарды, сот және төрелік істерді қарау нәтижелерін, шаруашылық шарттарды жасау және орындау практикасын зерделеу, талдау және қорыту жүргізеді;
шаруашылық шарттарды жасау, оларға құқықтық сараптама жүргізу, ұжымдық шарттар мен салалық келісімдердің талаптарын әзірлеу, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешек туралы мәселелерді қарау бойынша жұмысқа қатысады;
құрылымдық бөлімшелердің анықтамаларды, есеп айырысуларды, түсініктемелерді және шағым-талаптарға жауаптар дайындауға арналған өзге материалдарды уақтылы беруін бақылайды;
заманауи ақпараттық технологиялар мен есептеу құралдарын қолдану негізінде анықтамалық құжаттаманы дайындайды;
ұйым қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер, пікірге келіп түсетін нормативтік актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауға қатысады;
ұйым қызметкерлеріне қолданылып жүрген заңнама және оларға өзгерістер туралы хабарлауды, ұйымның лауазымды адамдарын олардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілермен таныстыруды жүзеге асырады;
ұйым қызметкерлеріне ұйымдық-құқықтық және өзге заң мәселелері бойынша консультация береді, қорытынды дайындайды, мүліктік-құқықтық сипаттағы құжаттар мен актілерді ресімдеуге көмектеседі.
Білуге тиіс:
ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;
ұйымның құқықтық қызметі жөніндегі әдістемелік және өзге материалдар;
азаматтық, еңбек, қаржылық, әкімшілік құқықтар, салық заңнамасы;
ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметін есепке алуды жүргізу туралы және ол туралы есептілік жасау тәртібі;
шаруашылық шарттарды, ұжымдық шарттарды, тарифтік келісімдерді жасау және ресімдеу тәртібі;
қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құқықтық құжаттаманы жүйелендіру, есепке алу және жүргізу тәртібі;
есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдары;
экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
1-санатты заң консультанты: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және 2-санатты заң консультанты лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;
2-санатты заң консультанты: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз заң консультанты лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
санатсыз заң консультанты: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Төле би көшесі 18/4. Тел. (87262) 50-15-64
Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
- Түйіндеме;
- Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
- Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
- Еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, не еңбек өтілін растайтын құжат, не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.
Конкурс өтетін күні: 2023 жыл 15 қараша. Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Төле би көшесі 18/4.
Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.