Бүгін:
kz ru

Хабарландыру. Бос тұрған 1 (бірлік) халық шығармашылығын қамтамасыз ету бөлімінің әдіскері лауазымына конкурс жарияланады.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған 1 (бірлік) халық шығармашылығын қамтамасыз ету бөлімінің әдіскері лауазымына конкурс  жариялайды  

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі 18/4. Тел. (87262) 50-15-64

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: халық ұйымның мәдени-демалыс жұмыстарын қамтамасыз ететін әдістемелік материалдарды, ұсынымдарды жасайды;

         мәдениет ұйымдарының жұмыс тәжірибесін зерделейді және жинақтайды, оны насихаттайды және тәжірибеге енгізуді ұйымдастырады;

         жиналыстар, семинарлар, дәрістер, тақырыптық кештер, концерттер және көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға, көрнекі құралдар мен материалдар дайындауға қатысады;

           әуесқой бірлестіктердің, мүдделері бір клубтардың шығармашылық ахуалын зерделейді, шығармашылығы неғұрлым жетілген ұжымдарды анықтайды;

мәдени-көпшілік іс-шаралардың сценарийлерін әзірлеуге және жасауға қатысады;

бағдарламалар мен жобаларды негізге ала отырып, жұмыс жүргізеді;

          облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өткізілетін әртүрлі мәдени іс-шараларды және халық шығармашылығын дамытуға арналған конкурс, фестивальдердің жоғары деңгейде өтуіне атсалысады;

         синкреттік-поэзиялық жанр бойынша: өңірдегі айтыскер ақын, жазба ақындармен жұмыс жүргізеді;

          музыкалық-аспапты жанр бойынша: Халықтық (Үлгілі) атағы бар  ұлттық, фольклорлық, этнографиялық, хореографиялық  ансамбльдер мен оркестрлер, топтар, студиялар, ұжымдармен жұмыс жүгізе отырып: талдау, сандық және жазбаша есеп жүргізеді;

         көркемөнерпаздар ұжымдары, шығармашылық одақтар, үйірмелер жұмыстарына бағыт-бағдар беріп, жанрлардың жұмысын дамытады;

        тәжірибелік-әдістемелік көмектер, ұсыныстар, нұсқаулар, көрнекілік құралдар мен материалдар әзірлейді; репертуарлық көмек көрсетеді;      

         шығармашылық одақтар, үйірмелер жұмыстарына бағыт-бағдар беріп, жанрлардың жұмысын дамытады;

         репертуарлық көмек көрсетеді; жиналыстар, дәрістер, семинарлар, шеберлік сағаттар өткізеді;

         жанр бойынша озық жұмыс іс-тәжірибелерін  зерттейді, насихаттайды, тәжірибеге енгізеді; 

         өнер адамдары туралы толық  аннотация жинақтайды, электронды базасын үнемі қалыптастырып отырады,  олардың жылдық есеп концерт беруіне ықпал етеді;

       мемлекеттік, қоғамдық, даталы мерекелердің және мәдени-көпшілік іс-шаралары туралы БАҚ құралдары, әлеуметтік желі, түрлі сайттарға жарнама, бейнероликтер мен мақалалар ұсынады;

       баннер, афиша ілу, шақырылатын қонақтар тізімін жасақтап, шақыру билеттердің таратылуын ұйымдастырады;

       бөлімге келіп түскен хаттарға уақтылы және сапалы жауап береді. Жұмыс уақытында еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау талаптарын сақтайды. Қоғамдық жұмыстарға қатысады. Әкімшілік, бөлім басшысы тарапынан берілген тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындайды.

Білуі тиіс:

Конституцияны;

Еңбек кодексін;

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;

клуб жұмысын ұйымдастыруды, мәдени-демалыс жұмыстарының мәселелері бойынша басқарушы материалдарын, мәдени ұйымдардың озық жұмыс тәжірибелерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары  деңгейлі маман:

  1) жоғары санаттағы: кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мәдениет және/немесе білім және/немесе ғылым және/немесе архив ісі және/немесе экономика және/немесе құқық саласында біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

2) І санаттағы: кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мәдениет және/немесе білім және/немесе ғылым және/немесе архив ісі және/немесе экономика және/немесе құқық саласында біліктілігі жоғары деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) ІI санаттағы: кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мәдениет және/немесе білім және/немесе ғылым және/немесе архив ісі және/немесе экономика және/немесе құқық саласында біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

 4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

біліктілігі орта деңгейлі маман:

1) жоғары санаттағы: «өнер және мәдениет» немесе «қызмет көрсету, экономика және басқару» мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі  І санаттағы маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

2) І санаттағы: «өнер және мәдениет» немесе «қызмет көрсету, экономика және басқару» мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі ІІ санаттағы маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) ІІ санаттағы: «өнер және мәдениет» немесе «қызмет көрсету, экономика және басқару» мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі  санаты жоқ маман лауазымында 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, «өнер және мәдениет» немесе «қызмет көрсету, экономика және басқару» мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Төле би көшесі 18/4. Тел. (87262) 50-15-64

            Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. 
  • Түйіндеме;
  • Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • Еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, не еңбек өтілін растайтын құжат, не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
  • «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық  актлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2023 жыл 15 қараша. Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Төле би көшесі 18/4.

 Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз