Бүгін:
kz ru

ХАБАРЛАНДЫРУ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған 1 (бірлік) суретші-безендіруші лауазымына конкурс  жариялайды  

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі 18/4. Тел. (87262) 50-15-64

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: халық шығармашылығын дамыту

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: шараның, жекелеген құрылымдардың, көрмелердің, стендттердің, баспа материалдарының көркем безендірілуінің сызбаларын жасауды жүзеге асырады және олар бойынша көркемдік-безендіру жұмыстарын орындайды;

құрылыс нысандарын қайта құру кезінде көркемдік-безендіру жоспарларын іске асыруға қатысады;

мәдени-ағарту мекемелері ғимараттарының және олардың құрылыстарының көркемдік безендірілуін қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жүргізеді;

бағдарламалар мен жобаларды негізге ала отырып, жұмыс жүргізеді;

облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өткізілетін әртүрлі мәдени іс-шараларды және халық шығармашылығын дамытуға арналған конкурс, фестивальдердің жоғары деңгейде өтуіне ат салысады;

облыстық, республикалық, халықаралық  деңгейде өтетін  фестиваль, конкурс, айтыс, атаулы мерекелер мен өзге де, шығармашылық жобаларды өткізуге тікелей атсалысады;

заманауи шрифт мәдениетін игеріп, негізгі ережелерді қолдану және жазу мен түптеу, әр түрлі бағдарламалық құралдар арқылы көркемдік және графикалық бейнелерді іске асырады;

іс-шара  жарнамаларын,  альбомдар, буклеттер, шақыру билеттер, тәжірибелік-әдістемелік көмек, нұсқаулық кітапшаларын  безендірумен айналысады және өнімдерді типографиялық, полиграфиялық  құрылғылар арқылы шығарады;

 түспен және түстік композициялармен, модельдеу мен макеттеуде, дизайн-жобаның көркемдік ойын негіздей отырып жұмыс әдістерін атқарады;

 мәтін, фото, бейне түріндегі ақпараттар әзірлеу. Іс-шара өтетін орындарының безендіру эскиздері мен макеттерін жасайды;

 шараның, жекелеген құрылымдардың, көрме, стендттер, баспа материалдарының көркем безендірілуінің сызбаларын жасауды жүзеге асырады және көркем безендірудің бекітілген сызбалар бойынша орналасуын қадағалайды;

 мәдени-ағарту мекемелері ғимараттарының және олардың құрылыстарының көркемдік безендірілуін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жасайды;

бөлімге келіп түскен хаттарға уақтылы және сапалы жауап береді. Жұмыс уақытында еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау талаптарын сақтайды. Қоғамдық жұмыстарға қатысады. Әкімшілік, бөлім басшысы тарапынан берілген тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындайды.

 Білуі тиіс:

Конституцияны;

Еңбек кодексін;

«Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;

көркемдік-безендіру жұмыстарының техникасы мен технологиясын, сурет техникасын, ең жаңа әрлеу құрылыс материалдарын және оларды безендіру жұмыстарында қолдану техникасын.

 Біліктілікке қойылатын талаптар: 

біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

1) жоғары санаттағы: кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (бейнелеу өнері және сызу) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі I санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі. 

2) І санаттағы: кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (бейнелеу өнері және сызу) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары II санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі. 

3) ІІ санаттағы: кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (бейнелеу өнері және сызу) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары санаты жоқ маман лауазымында 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (бейнелеу өнері және сызу) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

біліктілігі орта деңгейлі маман:

1) жоғары санаттағы: «өнер және мәдениет» немесе «білім беру» мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі I санатты маман лауазымында  3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

2) I санаттағы: «өнер және мәдениет» немесе «білім беру» мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі II санаттағы маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

3) ІІ санаттағы: «өнер және мәдениет» немесе «білім беру» мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, «өнер және мәдениет» немесе «білім беру» мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

   Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Төле би көшесі 18/4. Тел. (87262) 50-15-64

         Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. 
  • Түйіндеме;
  • Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • Еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, не еңбек өтілін растайтын құжат, не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
  • «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық  актлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2023 жыл 15 наурыз

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Төле би көшесі 18/4.

 Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз