Хабарландыру
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған 1 (бірлік) әдіскер лауазымына конкурс жариялайды.
Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі 18/4. Тел. (87262) 50-15-64
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: халық шығармашылығын дамыту
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Ұйымның мәдени-демалыс жұмысын қамтамасыз ететін әдістемелік материалдар, ұсынымдар жасайды. Мәдениет үйлері мен клубтардың жұмыс тәжірибесін зерттеп, жинақтайды, оны насихаттап, тәжірибеге енгізуді ұйымдастырады. Жиналыстар, семинарлар, дәрістер, тақырыптық кештер, концерттер және басқа да көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ көрнекілік құралдар мен материалдар дайындауға қатысады. Клубтардың қызметі туралы материалдарды жүйелейді және олардың жұмыстарын жетілдіру туралы ұсыныстар дайындайды. Әуесқой бірлестіктердің ахуалын зерделеп, талдау жасайды. Мәдени-көпшілік іс-шаралардың сценарилерін әзіруге және жасауға қатысады. Орталықтың, клуб мекемелерінің жылдық, жартыжылдық есептерінің слайдын дайындайды. Клуб мекемелерінің негізгі көрсеткіштері бойынша даму динамикасын талдайды, ақпараттар береді. Бөлімге келіп түскен хаттарға уақтылы және сапалы жауап береді. Жұмыс уақытында еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау талаптарын сақтайды. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Бөлім басшысының және әкімшілік тарапынан берілген тапсырмаларды және лауазымдық міндетін орындайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі маман:
1) жоғары санаттағы: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
2) І санаттағы: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) ІI санаттағы: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
біліктілігі орта деңгейлі маман:
1) жоғары санаттағы: "өнер және мәдениет" немесе "қызмет көрсету, экономика және басқару" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі І санаттағы маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
2) І санаттағы: "өнер және мәдениет" немесе "қызмет көрсету, экономика және басқару" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі ІІ санаттағы маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) ІІ санаттағы: "өнер және мәдениет" немесе "қызмет көрсету, экономика және басқару" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және мамандығы бойынша біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" немесе "қызмет көрсету, экономика және басқару" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.
Білуге тиіс: ҚР Конституциясын, ҚР «Мәдениет туралы» Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Заңын, «Еңбек туралы» кодексін, клуб жұмысының ұйымдастырылуын, мәдени-демалыс жұмыстарының мәселелері бойынша басқарушы материалдарын, мәдени ұйымдардың озық жұмыс тәжірибелерін.
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Төле би көшесі 18/4. Тел. (87262) 50-15-64
Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
- Түйіндеме;
- Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
- Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
- Еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, не еңбек өтілін растайтын құжат, не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.
Конкурс өтетін күні: 2023 жыл 30 қаңтар
Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Төле би көшесі 18/4.
Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.