Бүгін:
kz ru

ХАБАРЛАНДЫРУ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған 1 (бірлік) дыбыс режиссер лауазымына конкурс  жариялайды  

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі 18/4. Тел. (87262) 50-15-64

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: халық шығармашылығын дамыту

           Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жаңа және қайта жаңғыртылған іс-шараларды дайындауға қатысады. Техникалық құралдарды пайдалана отырып, іс-шаралардың дыбыстық безендірілуін жасайды. Іс-шараларды жасаудың дайындық кезеңіне қатысады, қажетті фонограммалар таңдайды және (немесе) оларды жаздыруды ұйымдастырады. Дайындық үдерісін фонограммалармен қамтамасыз етуге қатысады. Ағымдағы репертуар қойылымдарында фонограммалардың дыбысталу сапасын қамтамасыз етеді. Ұйымның радиоцехы жұмыскерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру бойынша шаралар әзірлеуге, көрермендер аудиториясын ұлғайтуға бағытталған орындаушылық өнерді насихаттау жұмысына тікелей қатысады. Дыбыс жазушы және дыбыс үдетуші жабдықтарды алдын ала тексеру және ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарын жүзеге асырады. Бекітіліп берілген дыбыс аппаратуралары істен шықса уақтылы бөлім басшысына хабарлау және аппаратура қызметкердің кінәсімен зақымдалған жағдайда оның орнын өтеу. Жұмыс уақытында еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау талаптарын сақтайды. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Әкімшілік тарапынан берілген тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындайды.

       Біліктілікке қойылатын талаптар:  біліктілігі жоғары деңгейлі маман: 

1) жоғары санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар (режиссура) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

2) І санаттағы өнер және гуманитарлық ғылымдар (режиссура) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) ІІ санаттағы: өнер және гуманитарлық ғылымдар (режиссура) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, өнер және гуманитарлық ғылымдар (режиссура) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

  біліктілігі орта деңгейлі маман:

1) жоғары санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша орта кәсіби және техникалық (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және біліктілігі орта деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

2) І санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша орта кәсіби және техникалық (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және біліктілігі орта деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) ІІ санаттағы: "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша орта кәсіби және техникалық (орта арнаулы, орта кәсіби) білім және біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" мамандықтар тобы бойынша орта кәсіби және техникалық (орта арнаулы, орта кәсіби) білім.

          Білуі тиіс: Конституцияны; Еңбек кодексін; "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын; режиссура және актерлік шеберлік негіздерін, қойылымдарды музыкалық және дыбыстық безендірудің теориясы мен практикасын, заманауи дыбыс жазушы және дыбыс шығарушы аппаратуралардың параметрлері мен техникалық сипаттамаларын, дыбыс жазу және дыбыс шығару технологиясын, акустика негіздерін, театр және концерттік залдардың, цирктердің акустикалық мүмкіндіктерін, отандық және әлемдік театр, музыка, цирк өнері мен әдебиеті тарихын.

   Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Төле би көшесі 18/4. Тел. (87262) 50-15-64

         Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. 
  • Түйіндеме;
  • Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • Еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
  • «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық  актлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2022 жыл 19 мамыр

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Төле би көшесі 18/4.

 Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.

 

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз