Бүгін:
kz ru

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған 1 (бірлік) әдіскер лауазымына конкурс жариялайды

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі 18/4. Тел. (87262) 50-15-64

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: халық шығармашылығын дамыту.

           Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Бағдарламалар мен жобаларды негізге ала отырып, жұмыс жүргізеді. Облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өткізілетін әртүрлі мәдени іс-шараларды және халық шығармашылығын дамытуға арналған конкурс, фестивальдердің жоғары деңгейде өтуіне ат салысады. Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер жанры бойынша: өңірдегі қолөнер шеберлері: ісмерлер, зергерлер, ағаш шеберлері, ұсталар, суретшілер, мүсіншілер, фотосуретшілермен; хореографиялық өнер жанры бойынша: халықтық, фольклорлық би ансамблдері, бал биі, заманауи би ансамблдері, хореографиялық ансамбльдер, топтар, студиялар, би театрларымен; театралдық өнер жанры бойынша: театр студиялары, қуыршақ театры, музыкалы-драмалық, драма, көркемсөз оқу ұжымдары, жас көрермен театры, халықтық театрлармен  жұмыс жүргізеді және талдау, сандық және жазбаша есеп жүргізеді. Көркемөнерпаздар ұжымдары, шығармашылық одақтар, үйірмелер жұмыстарына бағыт-бағдар беріп, жанрлардың жұмысын дамытады. Тәжірибелік-әдістемелік көмектер, ұсыныстар, нұсқаулар, көрнекілік құралдар мен материалдар әзірлейді; репертуарлық көмек көрсетеді. Жиналыстар, дәрістер, семинарлар, шеберлік сағаттар өткізеді; жанр бойынша озық жұмыс іс-тәжірибелерін  зерттейді, насихаттайды, тәжірибеге енгізеді; өнер адамдары туралы толық  аннотация жинақтайды; электронды базасын үнемі қалыптастырып отырады. Жылдық есеп концерт беруіне ықпал етеді. Мәдени іс-шаралардың тақырыптық мәтіндерін, сценарлық жоспар,сценарийін дайындауға ат салысады. Мемлекеттік, қоғамдық, даталы мерекелердің және мәдени-көпшілік іс-шаралары туралы БАҚ құралдары, әлеуметтік желі, түрлі сайттарға жарнама, бейнероликтер мен мақалалар ұсынады. Баннер, афиша ілу, шақырылатын қонақтар тізімін жасақтап, шақыру билеттердің таратылуын ұйымдастырады. Бөлімге келіп түскен хаттарға уақтылы және сапалы жауап береді. Жұмыс уақытында еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау талаптарын сақтайды. Қоғамдық жұмыстарға қатысады. Әкімшілік, бөлім басшысы тарапынан берілген тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындайды.

       Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейлі маман:

1) жоғары санаттағы: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі І санатты маман лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

2) І санаттағы: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі ІІ санатты маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) ІI санаттағы: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі;

4) санаты жоқ: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

          Білуі тиіс: ҚР Конституциясын, Қр Еңбек Кодексін, ҚР «Мәдениет туралы» Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Заңын, «Еңбек туралы» кодексін, Мемлекеттік Тілді, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңын, мәдени-демалыс жұмысының түрлері мен әдістерін, халық шығармашылығының даму перспективаларын, отандық және шетел  әдістемелік орталықтар мен көркемөнерпаздар ұйымдарының негізін. Мәдениет саласына қатысты нормативтік құжаттарды.

   Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Төле би көшесі 18/4. Тел. (87262) 50-15-64

         Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. 
  • Түйіндеме;
  • Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • Еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық  актлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2022 жыл 3 мамыр

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Төле би көшесі 18/4.

 Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.

 

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз