Бүгін:
kz ru

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған 1 (бірлік) заң кеңесшісі лауазымына конкурс жариялайды.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған 1 (бірлік) заң кеңесшісі лауазымына конкурс  жариялайды. 

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Асқаров көшесі, 47 үй. Тел. (87262) 45-26-29

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: халық шығармашылығын дамыту

          Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлейді және әзірлеуге қатысады. Кәсіпорында құқықтық жұмысты әдістемелік басқаруды жүзеге асырады, құрылымдық бөлімшелерге және қоғамдық ұйымдарға түрлі құқықтық құжаттарды дайындауға және ресімдеуге құқықтық көмек көрсетеді, шағым-талаптардан бас тарту кезінде негізді жауаптар дайындауға қатысады. Белгіленген тәртіпке сәйкес қызметкерлерді тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды ресімдейді. Шаруашылық шарттарын жасау, оларға құқықтық сараптама жүргізу, ұжымдық шарттар мен салалық тарифтік келісімдердің талаптарын әзірлеу, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешектер туралы мәселелерді қарау бойынша жұмысқа қатысады. Кәсіпорындағы бұйрықтардың, нұсқаулар мен басқа да құжаттардың заңнамаға сәйкес болуын тексеру жұмыстарын жүргізу. Мемлекеттік сатып алу бойынша заңнамаларға сәйкес жұмыс жүргізу. Орталықтағы келісім-шарттардың жобасын заңнамаларға сәйкес дайындалуын тексеру. Түрлі мемлекеттік тіркеу, нотариал арқылы куәліктендіру жұмыстарды жүргізу. Қызметкерлердің қызметінен босату және ауыстыру, тәртіптік шараларды қолдануының заңдылығын тексеру. Талап-арыздарды дайындау және сотқа беру, сотта кәсіпорынның мүдделерін қорғау. Кәсіпорын мүліктерінің сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты құжаттарды дайындалуына атсалысу. Кәсіпорын қызметкерлеріне ұйымдық-құқықтық және басқа заң мәселелері бойынша кеңес береді, қорытынды дайындайды, мүліктік-құқықтық сипаттағы құжаттар мен актілерді ресімдеуге көмектеседі. Бөлімге келіп түскен хаттарға уақтылы және сапалы жауап береді. Жұмыс уақытында еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау талаптарын сақтайды. Қоғамдық жұмыстарға қатысады. Әкімшілік, бөлім басшысы тарапынан берілген тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындайды.

       Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары: құқықтану, жұмыс стажына талап қойылмайды.

        Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Заңын, ҚР Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңын,өзге де нормативтік құқықтық актілері, кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметін реттейтін, құқықтық қызмет жөніндегі әдістемелік және нормативтік материалдар, азаматтық, әкімшілік құқық, шаруашылық шарттары, ұжымдық шарттар, тарифтік келісімдерді жасау және рәсімдеу тәртібі, қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып құқықтық құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі, өндірісті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздері, комуникациялар және байланыс құралдары, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртіп ережесі, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі.

   Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

          Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Асқаров көшесі 47 үй, кадр бөлімі, тел. 45-26-02

          Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. 
  • Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • Еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық  актлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2021 жыл 28 қыркүйек

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Асқаров көшесі, 47 үй.

Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.

Скачать файл: konkurs-13.09.21.docx [17.04 Kb] (cкачиваний: 2)
Посмотреть онлайн файл: konkurs-13.09.21.docx
 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз