Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған 1 (бірлік) бөлім басшысы лауазымына конкурс жариялайды
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған 1 (бірлік) бөлім басшысы лауазымына конкурс жариялайды
Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Асқаров көшесі, 47 үй. Тел. (87262) 45-26-29.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: мемлекеттік және мемлекеттік емес клуб жүйелеріне, ұлттық мәдени орталықтарға, қоғамдық бірлестіктерге, талап етуші жеке тұлғаларға әдістемелік ұйымдастыру, тәжірибелік жұмыстарды жетілдіру, халық шығармашылығының дамуына ықпал ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:біліктілігі жоғары деңгейлі маман:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Заңын, экономика және қаржы негіздерін, ҚР Еңбек Кодексін, қызметкерлердің есебін жүргізу және қозғалысы жөніндегі құжаттаманы жүргізу туралы әдістемелік материалдар, еңбек заңнамасы, кәсіпорынның құрылымы және штаты, кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек кітапшаларын және жеке істерін рәсімдеу, жүргізу және сақтау тәртібі, қызметкерлер мамандықтарының және қызметшілер лауазымдарының атаулары, жалпы және іздіксіз еңбек өтілі, қызметкерлерге жеңілдіктер, өтемақылар, зейнетақы рәсімдеу тәртібі, кадрлар қозғалысының есебін жүргізу және белгіленген есептілікті жасау тәртібі, кәсіпорынның қызметкерлері туралы деректер базасын жүргізу тәртібі, іс қағаздарының негіздері, есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдары, ішкі тәртіп ережесі, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары,сондай ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі.
Лауазымдық міндеттері:- Бөлім жұмысың жалпы басқару, қадағалау, есеп беру;
- Кәсіпорынның бекітілген істер номенклатурасы бойынша жұмыс атқару;
-Кәсіпорындағы бұйрықтардың, нұсқаулар мен басқа да құжаттардың заңнамаға сәйкес болуын тексеру жұмыстарын жүргізу;
-Мекеменің тиісті құжаттары мен мемлекеттік сатып алу бойынша заңнамаларға сәйкес жұмыс жүргізу;
-Келісім-шарттардың жобасын заңнамаларға сәйкес дайындалуын тексеру;
-Түрлі мемлекеттік тіркеу, нотариал арқылы куәліктендіру жұмыстарды жүргізу;
-Қызметкерлердің қызметінен босату және ауыстыру, тәртіптік шараларды қолдануының заңдылығын тексеру;
-Талап-арыздарды дайындау және сотқа беру, сотта кәсіпорынның мүдделерін қорғау;
-Кәсіпорын мүліктерінің сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты құжаттарды дайындалуына атсалысу;
-Еңбек шарттарының тоқтатылуы Еңбек Кодексінің талаптарына сай жүргізілуін қадағалау;
-Кәсіпорынға келіп түскен азаматтардың арыздары мен хаттарын мерзімінде қарайды;
-Кадр жұмыстарын қадағалау
-Жылдық, тоқсандық, айлық кадр есебін, кәсіпорын қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауын бақылау;
-Қызметкерлердің біліктілік аттестациясын үйлестіру ;
- Қоғамдық жұмыстарға қатысу,
-Әкімшілік тарапынан берілген тапсырмаларды орындау.