Бүгін:
kz ru

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос тұрған 1 (бірлік) суретші-безендіруші лауазымына конкурс жариялайды

Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Орналасқан жері: пошталық индексі 080012. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі 18/4. Тел. (87262) 50-15-64

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: халық шығармашылығын дамыту

          Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Бағдарламалар мен жобаларды негізге ала отырып, жұмыс жүргізеді. Облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өткізілетін әртүрлі мәдени іс-шараларды және халық шығармашылығын дамытуға арналған конкурс, фестивальдердің жоғары деңгейде өтуіне ат салысады. Облыстық, республикалық, халықаралық  деңгейде өтетін  фестиваль, конкурс, айтыс, атаулы мерекелер мен өзге де, шығармашылық жобаларды өткізуге тікелей атсалысады. Заманауи шрифт мәдениетін игеріп, негізгі ережелерді қолдану және жазу мен түптеу, әр түрлі бағдарламалық құралдар арқылы көркемдік және графикалық бейнелерді іске асырады. Іс-шара  жарнамаларын,  альбомдар, буклеттер, шақыру билеттер, тәжірибелік-әдістемелік көмек, нұсқаулық кітапшаларын  безендірумен айналысады және өнімдерді типографиялық, полиграфиялық  құрылғылар арқылы шығарады. Түспен және түстік композициялармен, модельдеу мен макеттеуде, дизайн-жобаның көркемдік ойын негіздей отырып жұмыс әдістерін атқарады. Мәтін, фото, бейне түріндегі ақпараттар (видео контент) әзірлеу. Іс-шара өтетін орындарының безендіру эскиздері мен макеттерін жасайды. Шараның, жекелеген құрылымдардың, көрме, стендттер, баспа материалдарының көркем безендірілуінің сызбаларын жасауды жүзеге асырады және көркем безендірудің бекітілген сызбалар бойынша орналасуын қадағалайды. Мәдени-ағарту мекемелері ғимараттарының және олардың құрылыстарының көркемдік безендірілуін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жасайды. Бөлімге келіп түскен хаттарға уақтылы және сапалы жауап береді. Жұмыс уақытында еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау талаптарын сақтайды. Қоғамдық жұмыстарға қатысады. Әкімшілік, бөлім басшысы тарапынан берілген тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындайды.

       Біліктілікке қойылатын талаптар: Біліктілігі жоғары деңгейлі маман: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, педагогикалық ғылымдар (бейнелеу өнері және сызу) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Біліктілігі орта деңгейлі маман: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, "өнер және мәдениет" немесе "білім беру" мамандықтар тобы бойынша.. техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіби) білім. Санаты болған жағдайда жұмыс өтіліне талап қойылады.

          Білуі тиіс: ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, ҚР «Мәдениет туралы» Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Заңын, «Еңбек туралы» кодексін, Мемлекеттік Тілді, мәдени-демалыс жұмысының түрлері мен әдістерін, көркемдік-безендіру жұмыстарының орындалу технологиясын, көркемдік-безендіру жұмыстарының отандық және шетелдік озық тәжірибесін. Мәдениет саласына қатысты нормативтік құжаттарды.

   Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сайтына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Төле би көшесі 18/4. Тел. (87262) 50-15-64

         Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. 
  • Түйіндеме;
  • Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
  • Еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық  актлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.

Конкурс өтетін күні: 2022 жыл 10 наурыз

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Төле би көшесі 18/4.

 Осы лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.

 

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз