Бүгін:
kz ru

Аудандарда «Жаңа есім-2022» жобасының жеңімпаздары анықталды


         Жамбыл облысы әкімдігінің  мәдениет, архивтер  және  құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының  ұйымдастырумен  «Рухани  жаңғыру» бағдарламасы  аясында шығармашыл  жастардың «Жаңа Есім-2022»  жобасының аудандық, қалалық іріктеу кезеңі өтті.

Шалғай ауылдардағы жас таланттарды іздеп, болашақ жұлдыздарды анықтап, олардың үлкен өнер баспалдағына қадам басуына ықпал ету мақсатында   «Жаңа есім - 2022»  жобасының аудандық, қалалық іріктеу  кезеңіне   аймақтық кезеңнен сүрінбей өткен өнерпаздар қатысты. Жобаға қатысушы үміткерлер үш кезең бойынша бақтарын сынады.

І – Вокал наминациясы бойынша

ІІ – Дәстүрлі ән (халық әндері) номинациясы бойынша

ІІІ – Аспапта орындау (жетіген, қобыз, баян, гитара т.б) номинациясы бойынша.

Өнерпаздардың шығармаларын қазылар алқасының төрағасы – Облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі – Байжанов Азамат, әнші, Республикалық Шәмші Қалдаяқов атындағы конкурстың лауреаты – Ертаев Көпшіл және Облыстық халық шығармашылығы орталығының бас режисері – Абдуллаев Нұралы бағалады.

Сонымен аудандық іріктеу нәтижесінде – Талас ауданынан  барлығы  23 үміткер қатысып, облысқа  6 үміткер жолдама алды.

Жамбыл ауданынан  21 үміткер қатысып, бесеуі облыстық кезеңге жолдама алды.

Тараз қаласынан 27 үміткер қатысып, оны үміткер облыстық сынға жолдама алды.

Байзақ ауданынан 28 үміткер қатысып, алтауы облысқа жолдама алды.

Мойынқұм ауданынан 17 үміткер қатысып, жетеуі облысқа жолдама алды.

Шу ауданынан 26 үміткер қатысып,  алтауы облысқа жолдама алды.

Қордайда 35 үміткер қатысып, сегізі облыстық сынға жолдама алды.

Меркі ауданынан 24 үміткер қатысып, алтауы облысқа жолдама алды.

Т.Рысқұлов ауданынан 27 үміткер қатысып, алтауы жолдама алды.

Сарысу ауданынан 25 үміткер қатысып, алтауы облыстық сынға жолдама алды.

Жуалыда 18 үміткер қатысып, алтауы облыстық кезеңге жолдама алды.

        

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз