Халық театрларының облыстық фестивалі өз мәресіне жетті
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен заңғар жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына орай жазушының шығармашылығын кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мен халық театрларының шеберлігін шыңдауға бағытталған «Театр өмір айнасы» атты облыстық халық театрлары фестивалі өтті.

М.Әуезовтың 125 жылдығын атап өту, халық театрларының қойылымы арқылы оның өмірі мен шығармашылығын насихаттап, халық театрларының бір-бірімен тәжірибе алмасуы арқылы өнерлерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған шараға Жамбыл облысы аудандары мен Тараз қаласынан 12 халық театр ұжымдары қатысты.
Шараға мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай қатысып, өнерпаздарға жылы лебізін арнады.
Халық театрларының өнерін ҚР еңбек сіңірген артисі,
қазылар алқасының төрағасы А.Сейілханов, ҚР Мәдениет саласының үздігі
Н.Абдуллаев, Жамбыл облысы халық театрлар одағаның төрайымы Э.Асылбекова, ҚР Мәдениет саласының үздігі Б.Ізбасаров және А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының труппа меңгерушісі Б.Көпжасаров бағалады.

Екі күнге созылған фестиваль нәтижесінде: "Қордай", Жуалылық - "Мыңбұлақ", "Мойынқұм", "Талас" және Шу ауданының "Шу қаған" халық театры "Алғыс хатпен" марапатталды. Ал, "Үздік әйел бейнесі" номинациясын Жамбыл ауданы "Дарын" халық театрының актрисасы - Нұршат Құрманбекова (Бопай образында), "Үздік ер адам бейнесі" номинациясын Сарысу халық театрының актері - Әмірғали Бақытов (Көлбай образында), "Үздік актерлік ансамбль" номинациясын "Дулати жастары" халық театры (Тараз қаласы) жеңіп алса, "Үздік эпизод" номинациясы "Меркі" мен "Саудакент" халық театрларына бұйырды.
Сондай-ақ, "Үздік режиссура" номинациясымен Басқар Битанов халық театры (Т. Рысқұлов ауданы), ал, "Үздік спектакль" номинациясымен "Шу" халық театры марапатталды.
Айта кету керек, аталмыш фестиваль жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келеді.